Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол вокзалдарын жаңарту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Осы жұмыстар аясында Түркістан облысындағы «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды.«Түлкібас» стансасының тарихы 100 жылдан асады. Стансаның алғашқы ғимараты 1916 жылы салынған. Жаңа вокзал кешені тәулігіне 200-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген және азаматтар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Ғимаратта 90 орындық күту залы бар, бұл бұрынғы вокзалдан екі есе...